• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Д.Ақышев валюта нарығындағы жағдай тұрақты екенін айтты 24.08.2017

2017 жылғы шілдеде айлық инфляция соңғы екі жылда ең төмен, яғни инфляциялық таргеттеу және теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы режиміне өткен сәттен бастап, – 0,1% болып қалыптасты. Жылдық инфляция 7,1%-ға дейін төмендеді және 6-8% нысаналы дәліздің ортасында тұр.

Д. Ақышев халықтың болашақ инфляцияға қатысты күтулері тұрақты деңгейде екендігін атап өтті.

«Инфляциялық күтулерді бір жыл бұрын шілдеде 6,4% болған сандық бағалау халық күтулерінің 2018 жылға арналған нысаналы 5-7% дәліз ішінде қалыптасатындығын көрсетіп отыр», – деді ол.

Ұлттық Банк басшысы ағымдағы жылғы 22 тамыздан бастап базалық мөлшерлеменің 10,25%-ға дейін төмендегенін еске салды.

«Базалық мөлшерлеменің төмендеуі жылдық инфляция қарқынының баяулауын, инфляциялық күтулердің тұрақты деңгейін, сондай-ақ орта мерзімді кезеңдегі инфляцияны одан әрі төмендету бойынша бағаны көрсетеді. Екінші жағынан, сыртқы жағдайлардың белгісіздігі мен құбылмалылығының өсуі бізді ағымдағы жылы мөлшерлемені одан әрі төмендету бойынша шектейді», – деді Д. Ақышев.

Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері шілденің соңында бір айда 10%-ға жуық немесе 3 млрд. АҚШ долларына жуық ұлғая отырып, 32,9 млрд. АҚШ долларына жетті.

 Д. Ақышев «Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда, елдің халықаралық резервтерінің жалпы сомасы 91 млрд. АҚШ долларына жуық құрағандығы» туралы хабардар етті.


Back to the list