• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағандыда отқа төзімді материалдар шығаратын зауыт өз өнімін шығара бастады 23.08.2017

Қарағанды облысының әкімдігінде хабарлағандай, отқа төзімді материалдардың 600 тоннасы ресейлік зауыттарға жіберілді, 500 тоннаны құрайтын алғашқы партияға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ тапсырыс берген.

«Біздің өндірісіміз экспортқа бағдарланған. Біз барлық өндіріс көлемінің 80%-ға жуығын шетелге жіберуді жоспарлап отырмыз. Жеткізуді ресейлік зауыт жүзеге асыруда. Онда өнеркәсіптік сынақтар жүргізілуде. Тұрақты жеткізіп тұруға дайындалып жатырмыз», - деді зауыттың бас директоры Максим Глазунов.

Еске сала кетейік, отқа төзімді материалдар шығаратын зауыт маусым айының соңында "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағында ашылған болатын. Кәсіпорын шетелдік инвесторлардың қаражатына салынған. Жоба құны - 1,9 млрд теңге.

Елімізде осыған ұқсас зауыттар жоқ. Зауыт қуаттылығы жылына 45 мың тонна отқа төзімді материалды құрайды. Өнім қара және түсті металлургияда, цемент өнеркәсібінде және мұнай-газ кешенінде талап етіледі. 

Айта кетейік, «Seven Refractories» холдингінің 30 жылдық жұмыс тәжірибесі бар және ол заманауи отқа төзімді материалдардың кең көлемін шығарады. Қазіргі уақытта халықаралық компания Словения, Германия, Австрия, Италия, Украина, Ресей мен Қазақстанда өз бөлімшелерін ашқан. 


Back to the list