18.08.2017
Бұл секторда жарты жылда 811,6 млрд теңгеге өнім өндірілген екен. Өткен жылмен салыстырғанда ол көрсеткіш 3,4%-ға артқан. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 5,1%-ға – адам басына 20,4 АҚШ долларына дейін өскен.
Бұл еліміз бойынша ең үздік көрсеткіш. Өнеркәсіптің негізгі салаларында да өсім байқалады – металлургия, машина құрастыру, химия өнеркәсібінде, фармацевтикада. Есептік кезеңде өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі капиталына 73,7 млрд. теңге құйылған. Бұл соманың жартысына жуығы (38 млрд теңгеден астамы) өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.
Кәсіпкерлерді қолдау картасы бойынша облысымызда 80 индустриалды жобалар іске қосылған, оларда 6000-нан астам жұмыс орындары ашылған. Алты ай ішінде бұл өндіріс орындары 84 млрд теңгеге өнім өндірген. Салыстыра кетсек, бұл Солтүстік-Қазақстан облысы өнеркәсібі көлемінің 80%-ы, Жамбыл облысы көлемінің жартысына тең.
2017-ші жылға 9,3 млрд теңгеге 9 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.
Оларда 500-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады деп күтілуде. Олардың ішінде 3,5 млрд теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылған. Жаңа кәсіпорындарда 159 жаңа жұмыс орны ашылады.