10.08.2017
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде хабарлағандай, зауыттың жұмысына жалпы құны 250 млн қаржы жұмсалған. Жаңадан 26 адам жұмыспен қамтылып отыр. Зауыттың қуаттылығы сағатына 1000 дана 5 литрлік және 5000 дана 1 литрлік құтыдағы ауыз суы шығарылады. Зауытты«А-СПЕКТР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда.
Жаңа цехтағы барлық технологиялық процесс сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Өндірістік қабатта химиялық, бактериологиялық зертханалардың орналасуы өнім сапасын жан-жақты тексеруге аса қолайлы болуда.
Аудан әкімдігі алдағы уақытта осындай тамаша табиғат аясында табиғатқа зиян келмейтін өндіріс орындарын салып, аймақ халқына таза табиғи өнімдермен қамтуды көздеуде.