08.08.2017
Облыс әкімдігі хабарлағандай, өткен аптада облыс әкімі бірнеше газ құю бекеттеріне барып, рейд жүргізген еді. Қазір бұл мәселе реттеліп келеді. Мемлекеттік кірістер департаменті осы тақырып бойынша жұмысын бастап кетті. Айта кетейік, Ақтөбеден бүгін қосымша 410 тонна көгілдір отын жеткізіліп, барлық газ құю станцияларына тең етіп бөлінді.
Осы орайда, облыс әкімі Ақтау қаласының әкіміне барлық газ құю бекеттеріне бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырды. Сондай-ақ, Мұнайлы ауданындағы 4 бірдей адам аяғы баспаған газ құю станциясына көгілдір отынды бөліп бергені үшін аудан әкіміне сөгіс берді. Қалған қала және аудан әкімдеріне де ескерту жасады.
Кезекті көтерілген мәселе халықты жұмыспен қамту. Осы жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша халықты жұмыспен қамту деңгейі - 95,1%-ды құрап отыр.Маңғыстау облысында 26 техникалық-кәсіптік білім беру ұйымы қызмет атқарады, оның ішінде 15 мемлекеттік, 11 жекеменшік. Сондай-ақ, Маңғыстау облысында шағын несиелеуге 474 млрд теңге бөлінді.
Осы жылдың жарты жылдығын қорытындылыған басқарма басшысы, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын азаматтар үшін қысқа мерзімді кәсіптік 2 мобильдік оқу орталығы арқылы ұйымдастырылатынын да жеткізді.