08.08.2017
Атап айтқанда, Талдықорған қаласында «ТАТЭК» АҚ, «Қайнар» ЖШС, «Байтұрғанов» ЖК, Қапшағай қаласында «КНАУФ Гипс Қапшағай» ЖШС, Талғар ауданында «Байсерке Агро» ЖШС. Аталмыш өндірістік базаларда курс тыңдаушылары электромонтер, электрослесарь, аккумуляторшы, ірі қараны қолдан ұрықтандыру технигі, нэйл стилист, визажист, шаштараз кәсіптері бойынша тәжірибелерін шыңдайды.
Биылғы жылы осы оқу орталықтарының базасында 200 адамға оқыту курсы ұйымдастырылмақ. Бүгінгі күні жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту орталықтары тарапынан аталмыш мамандықтарға оқытуға деген жұмыс берушілердің сұраныс деңгейі анықталуда.