08.08.2017
Ұлттық экономика министрлігі хабарлағандай, абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату – өзгеріссіз қалды. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,5%-ға жоғары болды.
Айта кетейік, тұрғын үй нарығындағы бағаны байқау Астанада, Алматы қаласында және облыс орталықтарында құрылыс компанияларын қоса қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың іріктелген шеңбері бойынша жүргізіледі.