04.08.2017
Қызылорда облысы әкімдігінің мәліметі бойынша, жалпы сомасы 1,9 млрд теңге көлемінде несие беріліп, кәсіпкерлерге несиесін өтеудің ауыртпалығын жеңілдету мақстаында мемлекет тарапынан үстеме пайызы субсидиялануда.
Мемлекет есебінен төленген субсидияның сомасы бірінші жарты жылдықта 374 млн теңгені құрап отыр.
Банкте кепілмүлкі қажеттілігі кезінде кепілдендіру құралын пайдаланылатын жобалар саны 4 есеге көбейді. “Даму” қорының бөлшек кепілдендіру құралының көмегімен кәсіпкерлердің кепілмүлкінің жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндіктері бар.
“Қазақстан Халық Банкі” АҚ және “БанкЦентрКредит” АҚ аймақта шағын және орта бизнесті несиелендіру бойынша ең белсенділер қатарынан көрінуде. Салалар бойынша қолдау тапқан жобалардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібі, көлік және қойма қызметі, тұрғын үй мен тамақтану бағыттарында жүзеге асырылып отыр. “Даму” қорының Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына 2564 әлеуетті және әрекет етуші кәсіпкер қызметтерге жүгінді. Қор кеңесшілері көмегімен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 38 жобасы қаржыландыруға дейін сүйемелденді, 68 адам ресми түрде өз бизнесін тіркеді.
“Жаңа бизнес бастамаларды қолдау” бағдарламасы аясында бизнес құру мен дамытуды мақсат еткен 73 қатысушы оқытудан өтті, оның ішінде 19 қатысушы жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркелді.
Шағын және орта бизнес басшыларының біліктілік құзіреті деңгейін көтеруге бағытталған “Шағын және орта бизнес топ-менеджерлерін оқыту” жобасы бойынша “Назарбаев Университеті” АҚ базасының бизнестің жоғары мектебінде 9 кәсіпкер оқытудан өтті.
Жыл басынан бері “Даму-Көмек” бағдарламасы бойынша 17 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетілді. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына “Даму” қорының Қызылордалық филиалы тарапынан “Өзгерістерге ұмтылыс” атты мүгедектігі бар кәсіпкерлердің облыстық форумы ұйымдастырылды. Форум аясында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің қолынан шыққан өнімдер мен көрсететін қызметтер ұсынылған көрме өтті. Көрмеде 20-дан астам компания естелік сыйлықтардан бастап құрылыс материалдарына дейінгі түрлі тауарларын назарға ұсынды.