03.08.2017
Облыс әкімдігі хабарлағандай, картадан тыс жалпы құны 9,1 млрд. теңге болатын, 550 жұмыс орыны ашылып, 2017 жылы іске қосылатын 6 жоба қолға алынды.
Сонымен қатар, 2018-2019 жылдары 491 жұмыс орны, оның ішінде 213 тұрақты жұмыс орны бар жалпы құны 3,7 млрд. теңгені құрайтын төрт жоба іске асырылады.
2017 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мен бірлесіп, агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларды қаржыландыру тәжірибесін одан әрі қарай жалғастыру жоспарлануда. Ол үшін облыстық бюджет пен аталмыш қордың әрқайсысынан 300 млн. теңгеден қаралады. Сондай-ақ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ екінші деңгейлі банктермен бірлесіп қаржыландыру үшін 700 млн. теңгеден қаржы бөледі.
«Сонымен бірге, мемлекеттік-жеке әріптестік бағдарламасы арқылы 8 жоба қолға алынды, соның ішінде 4 балабақша, 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүруде, Оралдағы №7 емхананы, №8 орта мектептің асханасын сенімгерлік басқаруға беру мәселесі шешілмек, - делінген хабарламада.
Мәселен, қалалық жерлерде осы мақсатқа 294,7 млн. теңге және кепілдеме беруге 36 млн. теңге қаржы жұмсау жоспарлануда.
Өткен 2016 жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында субсидиялау бойынша жалпы құны 20,4 млрд. теңге құраған 111 келісімшарт жасалған. Биылғы жылдың алғашқы алты айында жалпы несие портфелі 8 млрд. 123,7 млн. теңге болатын 69 жоба бойынша сусбсидиялау келісмшартына қол қойылған. Жалпы, бағдарлама басталғалы бері несие портфелі 86,7 млрд. теңгеболатын 603 жоба мақұлданды
Қор 2016 жылдан бастап халықтың кәсіпкерлік салаға ынтасын оятуға, қабілетін қалыптастыруға қажетті Стартап-жобаларды қолдауға бағытталған «Жаңа бизнесті ашуға қолдау» жобасын қолға алды. 2016 жылы жоба аясында 86 кәсіпкер оқудан өтсе, 2017 жылдың алғашқы алты айында 43 кәсіпкер оқыды, олардың 17-сі Старт-ап жобасы арқылы оқыды.
2016 жыл ішінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы 4 мыңнан аса көмек-кеңес берілді. 2017 жылдың алғашқы алты айында ақыл-кеңес түріндегі қызмет саны 2734-ке жетті.