• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Орташа айлық атаулы жалақы 149 951 теңгені құрады 01.08.2017

Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 104,4%, ал нақты жалақы индексі 97,1% құрады.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 315,3 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалыққызметте – 253,2 мың теңге (1,7 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 222,4 мың теңге (1,5 есеге асты), өнеркәсіп саласында – 202,3 мың теңге (1,3 есеге асты), құрылыс саласында – 184,9 мың теңге (1,2 есеге асты) белгіленді.

Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 88,3 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 41,1%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында белгіленді – 253,9 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 103,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,3%-ға төмен.


Back to the list