• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақмола облысының әкімі іске қосылмай тұрған ГТС-ты пайдалануға енгізуді тапсырды 20.07.2017

Өңір әкімдігінде хабарлағандай, объект 2014 жылы салынған, алайда, пайдалануға енгізілмеген. Осы жобаны іске асыру аясында Жібек жолы ауылындағы 829 үйді газбен жабдықтау жоспарланған. 

Бүгінгі таңда бұл объект аудандық ТКШ бөлімінде баланста тұр және қазіргі таңда станцияны сенімгерлік басқаруға алуға ниет білдірген мамандандырылған компаниялар болмай отыр. 

«Өтінімдердің болмауына байланысты тендер екі рет өтпей қалды», - деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Данияр Қуанышбаев.

Осы газ тарату станциясының құрылысына 1,8 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

Облыс әкімі станцияны қарап шығып, бұл проблеманы дереу шешуді тапсырды және осы жобаның одан әрі іске асырылуын өз бақылауына алды. 

Жібек жолы ауылындағы ГТС елді мекендерді газдандыру жөніндегі пилоттық жоба ретінде салынғанын айта кету керек.  


Back to the list