• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда бюджеттің 30 млрд теңгесі игерілмеді 18.07.2017

«Республикалық бюджеттің орындалуы 99,2% немесе қаржылай 4 трлн 406,3 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ 4,9 млрд теңге үнемделіп, 30 млрд теңге немесе жалпы шығын көлемінің 0,7%-ы игерілмеді. Келісім  шарттағы міндеттемелерді орындамау, байқауларды уақытылы өткізбеу немесе шараларды өткізу уақытын өзгерту фактілері әлі де тіркелуде», - деді вице-министр.

Вице-министрдің айтуынша, аймақтарға 474,1 млрд теңге көлемінде бөлінген мақсатты трансферттер  96,5%-ға игеріліпғ тағы 15,5 млрд теңгесі кері қайтқан.  

«Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,5 млрд теңгеге аз. Ең көп игерілмеген қаржы Астанада – 6,3 млрд теңге, Алматыда – 3,6 млрд теңге, Қызылорда облысында – 1,7 млрд теңге, Ақмола мен Жамбыл облыстарында сәйкесінше 1,1 млрд теңге. Басты себеп жұмыс кестесінен қалып  қою немесе келісім шартты кеш жасау», – деп атап өтті вице-министр.

Б. Шолпанқұловтың хабарлауынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 4,5 млрд теңге игерілмеді. Осы ретте, игерілмеген қаржының басым бөлігі Астанаға тиесілі  - 2,6 млрд теңге.

«64 республикалық бюджеттік бағдарлама тәуекел аймағында. Олар бойынша 119 млрд теңгеге келісім жасалмады, оның ішінде 19 млрд теңге – бұл Халықаралық қаржы ұйымдары жүзеге асыратын бірлескен жобалар бойынша үлестірілмеген қаржы.  Бұл мемлекеттік органдардың Халықаралық ұйымдармен бірлесіп істеуге құлықсыз екенін көрсетеді. Әрине, одан гөрі тікелей бюджеттен қаржы сұрата салу оңай. 2015-2016 жылдар аралығында мемлекеттік органдардың аталмыш бағдарлама бойынша жұмыс істеуге құлықты болмауынан 60 млрд теңге пайдаға аспай Ұлттық қорға қайтарылды», - деді  Берік Шолпанқұлов.

Сонымен қатар, Берік Шолпанқұлов Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында журналистерге  64 бюджеттік бағдарламаның жүзеге аспай қалуына да түсініктеме берді.    

«Біріншіден, аталған 64 бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығына белгіленген. Алайда қолданыстағы заңнама аясында бағдарлама әкімшісі қаржы бөлінбей жатып байқауға дайындық жүргізе алады. Сондықтанда бюджеттік заңнама және бюджеттік мемлекеттік сатып алу заңнамасы аясында әкімшілердің келісім шарт жасау үшін барлық қажетті процедураларды жүзеге асыруларын және міндеттемені өз мойындарына алуларын көтеріп отырмыз», - деді Берік Шолпанқұлов.

Осы ретте, министрлік бөлінген қаржының жыл соңына дейін уақытылы игерілуіне назар аударды.

«Ертеректе Үкімет Халықаралық қаржы ұйымдарымен бірселіп жобаларды жүзеге асыру үшін біқатар келісімдер жасады. Оның аясында бағдарламаны бюджеттік бөлу қарастырылған, онда әкімшілер экономика министрлігіне өздерінің жобалары бойынша қаржыландыруды сұрап өтініш жібере алады», - деп түйді вице-министр.

Ақбота Күзекбай


Back to the list