18.07.2017
«Ауыл шаруашылығы техникасының импорт құрылымын зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай сырттан әкелінетін техниканың 40% америкалық «Джон Дирге» тиесілі. Шығыс Қазақстан облысының мамандары аймақтағы өндірістік кәсіпорындардың мүмкіндіктерін сараптай келе әлемдік үлгі деңгейіндегі егін егу кешенініңелімізде отандық өндірісін бір жолға қоюға болады деген шешімге келді», – деді «Үлбі металлургия зауыты»АҚ басқарма төрағасы Юрий Шахворостов.
ШҚО-да құрылымдық құжатнама жасақталуда. Техниканың өндірісі келер жылы басталады. Кешендерді дайындау Үлбі металлургия зауытының базасында ірі қазақстандық кәсіпорындармен бірлесе отырып жүзеге асырылады.
Атап өтер болсақ, ШҚО-да кейбір ауыл шаруашылығы техникасының түрлері шығарыла бастады. Мемлекет басшысының аймаққа сапары аясында «Үлбі модуль компаниясы»ЖШС жасап шығарған сүт қабылдау пункті мен «Алтай»егін егу кешені таныстырылды.