17.07.2017
2017 жылғы 1 маусымға еліміздегі халық саны 18 014,2 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10 358,0 мың (57,5%), ауылдықтар – 7 656,2 мың адамды (42,5%) құрады. 2016 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 239,2 мың адамға немесе 1,3% өсті.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-мамырда туылғандар саны 155,4 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 6,2% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,83 туылғандарды құрады.
2017 жылғы қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 9,9 мың адамға немесе 9,1% кеміп,
99,7 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,37 адамды құрады.
Ведомство хабарлағандай, қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 55,7 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 0,7% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,46 қайтыс болғандарды құрады.
2017 жылғы қаңтар-мамырда республикада 1 жасқа дейінгі 1 344 нәресте өлімі тіркелді. 2016 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 16,8% азайды.
Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2017 жылғы қаңтар-мамырда 666 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 49,6% құрады. Туа біткен ауытқулардан 318 немесе 23,7%, тыныс органдары ауруларынан – 92 немесе 6,8% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 72 немесе 5,4% нәресте қайтыс болды. 2017 жылғы қаңтар-мамырда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,65 құрады.