• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елімізде бірқатар азық-түлік бағасы арзандады 04.07.2017

Атап айтқанда, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін қиярға – 58,7 %, қызанаққа – 28,7 %, жұмыртқаға – 27%, қарақұмық жармасына – 13,4 %, күнбағыс майына – 6,6 %, қантқа – 1,8 % төмендеуі байқалды.

Өнім өндірушілерден тікелей тұтынушыға жәрмеңке арқылы нарықтағы бағадан 10-15% төмен сатылатындай жұмыстар жалғасын табуда. Мәселен, маусым айының басында қатарынан 3200 жәрмеңке өткізілді.

Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдар мен өндірушілер арасында азық-түлік тауарларын бекітілген бағамен іске асыруға қатысты, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстеме бағасын 10% асырмау үшін сауда субъектілерімен меморандумға қол қойылды.

 


Back to the list