• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазпошта бөлімшелерінде тұрғын үй депозитін ашуға болады 04.07.2017

Орталық коммуникация қызметінен хабарлағандай, Қазақстандықтар бүкіл ел бойынша Қазпоштаның 800 автоматтандырылған бөлімшелерінде депозит рəсімдей алады, оның 38%-ы - ауылдық бөлімшелерде жəне 62%-ы - аудан орталықтарында орналасқан. Сол себепті, ендігі жерде ауыл тұрғындарына ҚТҚЖБ шартын рəсімдеу үшін қалаға барудың қажеті жоқ. Операциялық қатерді азайту үшін, Қазпошта бөлімшесіне клиент жүгінген жағдайда, оны биометрлік тексеруден өткізеді.

«Қазіргі таңда банк клиенттеріне ыңғайлы бағдарламаларды таңдауда, салым ашуға құжаттарды рəсімдеуде жəне ұсынылатын бастапқы жарнаны есептеуде Қазпошта бөлімшелерінің қызметкерлері көмек көрсету үшін оқытылып жатыр. Келешекте біз кредитті банктің əр түрлі бағдарламалары бойынша рəсімдеуді жоспарлап отырмыз. Бұл ынтымақтастық Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өнімдеріне жəне жалпы қаржы қызметтеріне біздің барлық клиенттеріміздің, əсіресе ауылдық жерлердегі клиенттеріміздің қолжетімділігін қамтамасыз ететініне сенімдімін»,- деп өз ойын білдірді “Қазпошта” АҚ-ның қаржы қызметтері жөніндегі Басқарушы директоры Айнұр Күнхожаева.

«Қазпошта» АҚ бөлімшелерінен депозит ашу немесе кредит төлеу тегін. Бұған дейін бұл қызметтер үшін салымшының енгізетін сомасынан 1% ұсталынатын. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және ұлттық пошта операторы белгіленген комиссия туралы келісті, оның шығындарын банк өзіне алды. 

«Қазіргі таңда біздің 17 филиалымыз, 15 қызмет көрсету орталығымыз және 150 кеңес беру орталығымыз бар. Біздің қызметтеріміз мен бағдарламаларымыздың танымалдылығы арта түскендіктен, бізге жаңа қызмет көрсету орталықтары қажет, ал , елімізде ең үлкен филиалды желісі бар Қазпошта арқылы барлық қазақстандықтарға қызмет көрсете аламыз. Бұл дегеніміз тек банк қызметтерінің қолжетімділігін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар, пошталық операторлар арқылы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары туралы көбірек ақпараттандыру деген сөз» - деді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасы Төрайымының орынбасары Жанар Жұбаниязова.


Back to the list