• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ШҚО-да жергілікті тауарларды сатып алу 90 %-ға дейін ұлғайтылмақ 03.07.2017

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының деректері бойынша, облыстың мемлекеттік мекемелерінде жергілікті жерде өндірілген жиһаздың 37 пайызы ғана сатып алынады. 

"Біздің облысымызда өндірілетін негізгі позициялар, құрылыс материалдары, тамақ өнімдері, жиһаз, жеңіл өнеркәсіп тауарлары бойынша мекемелердегі сатып алуды 90%-ға дейін жеткізу керек. Облыс әкімі осындай міндет қойып отыр және біз қалалар мен аудандардың әкімдерімен бірлесіп, оны орындауымыз тиіс", – деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Өңір әкімдігінде хабарлағандай, жақын арада палата мүшелері жергілікті өндірістің мүмкіндіктері жайында айтып беру үшін ұйым өкілдерімен кездесу өткізбек. 


Back to the list