• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР Ұлттық экономика министрлігі АДБ-мен басым жобалар бойынша ынтымақтастыққа дайын 14.06.2017

Тараптар Азия даму банкінің Қазақстан үшін 2017-2021 жылдарға арналған әріптестік стратегиясының мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, қаржылық институттың елімізді «Даму мақсатындағы әріптестік» бастамасы аясындағы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі қолдауы, білім саласындағы және аймақтық білім орталықтарын құрудағы әріптестіктің келешегі, сондай-ақ әріптестік туралы шекті келісім аясындағы жобалар; нәтижеге бағдарланған Жолдарды күтіп ұстау бойынша, МЖӘ компонентін пайдалану арқылы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қолдау бойынша мәселелер қозғалды.

Айта кетерлігі,  Қазақстан АДБ-іне ҚР 2001 жылғы 6 желтоқсандағы №264 «Қазақстан Республикасының ХВҚ, ХҚҚДБ, ХҚК, ХДҚ, ИККА, ИДРХО, ЕҚДБ, АДБ, ИДБ мүшелігі туралы» заңы арқылы қосылғанын атап өтейік. Қазақстанның АДБ-мен ынтымақтастығы сәтінен бастап 1994 жылдан бүгінгі уақытқа дейін Банк 4,6 млрд.АҚШ долл. сомасындағы 30 үкіметтік қарыз, 455 млн.АҚШ долл. сомасындағы 8 жеке сектордағы мемлекет кепілдігінсіз қарыз, 38 млн.АҚШ долл. сомасындағы 586 техникалық көмек жобасы ұсынылған. Өткен жылдың қорытындысында АДБ-нің 5 жобасының активтік қоржыны 1 млрд. АҚШ долл. астам қаржыны құрады.

АДБ 1966 жылы құрылды және халықаралық қаржылық даму институты болып табылады. Банктің мақсаты – Азия және Қиыршығыстық аймақтағы экономикалық дамуға, сондай-ақ аймақтағы дамудағы мүше-мемлекеттердің экономикалық дамуын жеделдету үдерісіне жәрдемдесу. 2009 жылғы сәуірде АДБ акционерлері АДБ-інің жарғылық капиталын 55 млрд.АҚШ долларынан 165 млрд.АҚШ долл. дейін ұлғайтуға шешім қабылдады. Бұл АДБ тарихындағы капиталды ең үлкен ұлғайту болып табылады.

 

 


Back to the list