05.06.2017
Қазақстанда цифрлық технологиялар мен Интернетті қолдану арқылы құрылатын экономикалық қатынастар көбейіп келеді. Мысалға, қазақстандықтардың арасында ұялы байланыс пайдаланушыларының саны 97%-ға, Интернет пайдаланушыларының саны – 77%-ға жетті.
«Интернет арқылы жасалатын сатылымдар көбейіп келеді, онлайн-фильмдер көретін, электронды кітаптар оқитын, смартфондарына түрлі қосымшалар жүктейтін адамдар қатары артты», – деді Руслан Дәленов.
Цифрлық экономика, оның айтуынша, статистика бойынша жұмысты да қамтитын жаһандық үрдіс болды. Есептер әдістемесі халықаралық заманауи іс-тәжірибе негізінде жетілдіріледі, ал Статистика комитетінің сайтында жаңа бөлімдер ашылады.
Рrimeminister.kz хабарлағандай, түсіндіру жұмысы үшін көрсеткіштер қалай есептелетіні туралы мысалдар жарияланады.
Бұдан өзге, Статистика комитетінің сайтында жаңа бөлімдер ашылады, мысалы, халық санын есептеуші арқылы бірнеше секунд ішінде Қазақстан азаматтарының саны қалай өзгергенін білуге болады.