• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Арыстада жылыжай көлемі екі есеге  ұлғайтылады 01.06.2017

Ең алдымен өңір басшысы жылыжай өсіруді 25 соттықтан бастаған жеке кәсіпкер Рахымжан Кенжебаевтің шаруашылығында болып, жылыжайды аралап көрді. Ондағы жұмыс барысымен таныстырған кәсіпорын төрағасы 2,5 гектар болатын жылыжай көлемін күз айында 5 гектарға дейін ұлғайтатынын айтты.

Елімізді жыл он екі ай көкөніспен қамтамасыз ету көктемі ерте келетін егіншілікке ауа-райы қолайлы -  Оңтүстің еншісінде екенін айтқан әкім шаруашылық иесінің бұл жоспарын қолдап қуаттады. Сондай-ақ, ол мемлекеттен тиісті көмек пен қолдау көрсетілетінін атап өтті. 

Айта кетейік, өткен жылы жылыжайдан 50 тонна қызанақ, 25 тонна қияр жиналған болса, бүгінгі күнге 2 га жерге егілген қызанақтан 85 тонна өнім жиналды. Ал мемлекеттен алған субсидия көлемі  2,6 млн теңгені құрайды.

Ақдала ауылдық округінде орналасқан серіктестік биыл өзіне қарасты егістік жерлерді игеру үшін Германияның BOUER компаниясынан шыққан жаңбырлатып суғару әдісін қолданып отыр. Оның әрқайсысы бір орында 60 гектар жерді суғаруға мүмкіндігі бар. 

Шаруашылық құны 67 мың еуро тұратын құрылғының 7 данасын алып, іске қосқан. Жаңбырлатып суару әдісінің тиімділігі өте көп. Мәселен, үлкен жерлерді суғаруға тиімді, екіншіден  су үнемделіп, жұмыс күші көп қажет етілмейді. Үшіншіден бір мезгілде суғарылып, тегіс мол өнім алуға мүмкіндік туады екен.

 


Back to the list