26.05.2017
Қаланың ЖІӨ-нің 2,6%-ға артуы, жергілікті және республикалық бюджеттің кіріс жөніндегі жоспарының асыра орындалуы және 123 млрд. теңгенің үнемделуі арқасында биылғы жылдың бюджеті 48,9 млрд. теңге болып бекітілді. «Алматы-2020» бағдарламасын және қала тұрғындарының әлеуметтік қажеттіліктерін жүзеге асыруға бірқатар өзгерістер енгізілді.
Бірінші тоқсанда инвестиция көлемі 13%-ға, тұрғын үй салу 34%-ға, бөлшек сауда 8,6%-ға, өнім өндіру 4,5%-ға, құрылыс салу 1,6%-ға, байланыс 1,3%-ға артты. Өткен жылмен салыстырғанда республикалық бюджетке түскен салық көлемі 4%-ға,жергілікті бюджетке түскені 6% -ға көбейді. Өткен жылы жергілікті бюджеттің кіріс саласы 12,2 млрд.теңгеге, республикалық бюджетте 102,6 млрд.теңгеге артығымен орындалды. Дегенмен, бюджеттен алу жыл сайын өсіп келеді. Алматы еліміздің ең ірі мегаполисі екені және кең көлемді инвестицияны қажет ететіні ескеріліп, 2017 жылы бюджеттік алымдар азайды.
«Алматы -2020» даму Бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - қаланың барлық аударының бірдей дамуын қамтамасыз ету. Сонымен, 2017 жылы қаланың нақтыланған бюджеті - 542,4 млрд. теңге, оның үстіне өткен жылмен салыстырғанда даму бюджеті 21 млрд. теңгеге артып, 163 млрд. теңгені құрады.