24.05.2017
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, әрекеттегі ШОБ субъектілерінің саны 41 мыңнан артық, онда 128 мың адам жұмыс істейді. Оның ішінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы несиелік ставканы субсидиялауды ШОБ-тың 498 субъектісі алды. Несиені кепілдендіруге 160 кәсіпкерлік ие болды.
«ШОБ-ті қолдау аясында Ақмола облысының әкімдігі мен «Даму» қоры 150 мың теңге бөлді, ол екінші дәрежелі банктер арасында 8,5 пайыздық ставка бойынша үйлестірілді», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда аталмыш жоба бойынша 266 млн теңгенің 9 жобасы жүзеге асырылды.