22.05.2017
ҚР-да бір жыл ішінде экономика салалары бойынша 48%-да (45 сала) шынайы жалақы көтерілді, өткен жылы бұл көрсеткіш 35% (33 сала) құрады.
Хабарламаға сәйкес, 1 тоқсанда шынайы жалақы индексі (2016 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда) 0,4%-дан (тұрғылықты мекен-жаймен қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтерді ұсыну) 39,7% (компьютерлерді, жеке қолданатын заттар мен тұрмыстық заттарды жөндеу) аралығында болды.
«Ағымдағы жылы ең жоғары жалақы теңіз және теңіз маңындағы жүк көлігінде (661,2 мыңтеңге, айта кетерлік жайт бір жыл ішінде көлемі 6%-ға немесе 43 мың теңгеге төмендеді); су көлігінде (569,5 мың теңге, бір жылда 7%-ға төмендегеніне қарамастан) жұмыс істейтін жұмысшылар мен басты компаниялардың (454 мың теңге, жалақының 20%-ға немесе 115,9 мың теңгеге азайғанына қарамастан)жұмысшыларында», делінген хабарламада.
Айтап өтерлік жайт, ағымдағы жылы ҚР экономикасында бастапқы орташа айлық жалақының өсімі жұмысқа орналастыру саласында тіркелді - 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда сала мамандарының жалақысы 100,8 мың теңгеге артты немесе 30%-ға көбейді. Осы ретте, инфляция деңгейін есепке алатын болсақ аталмыш секторда жалақы 20,2%-ға өсті.
Сонымен қатар, бастапқы жалақының өсімі бойынша құбыр бойынша тасымалдартын кәсіпорындар көш бастап тұрғандар. Ағымдағы жылы олардың жұмысшыларының жалақысы өткен жылмен салыстырғанда 95,4 мың теңгеге (немесе 29%-ға артты) және компьютерлерді және тұрмыстық таураларды жөндеумен айналысатындардың жалақысы 77 мың теңгеге (немесе 51%-ға) артқан.
Жалпы, 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы ең жоғарғы жалақы деңгейі экономиканың «он» салысында тіркелген және олар көлік секторына тиесілі.