16.05.2017
«Шикізат ретінде Ақтөбе облысында орналасқан «Юбилейный» алтын кен орны мен Созақ ауданындағы «Күмісті» шашыраңқы алтын орындарының кенін пайдаланамыз. Инвестициялық жоба екі кезеңнен тұрады. Жоба толығымен жүзеге асып, іске қосылғанда «Қазмырыш» АҚ және «Қазақмыс» АҚ қарасты өндірістік кәсіпорындарын дайын өніммен қамтамасыз ететін боламыз», - деді «Кентау полиметалл» ЖШС инженер –құрылысшысы Азамат Сүлейменов.
Қазіргі таңда серіктестік «Мырғалымсай» кен орнының бұрынғы ғимаратын сатып алған. Бүгінде мұнда негізгі өндірістік цехтарды монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Құрал-жабдықтардың басым бөлігі Қытай елінен сатып әкелінген. Егер жоба толығымен іске асса, 110 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.