• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
КҚК Теңіз терминалында бір айда тиелген жүктің рекордтық көлемі анықталды 02.12.2016

Алдыңғы рекорд 2016 жылғы наурызда болған, ол кезде бір ай ішінде 4 210 000 тонна мұнай тиелген болатын, деп хабарлады КҚК баспасөз қызметі.

«Консорциум тарихында Теңіз терминалында 4,3 мыңнан астам танкер тиелген болатын, оларға 460 млн тонна мұнай аударылған. Олардың ішінде 398 млн тонна мұнай – қазақстандық өндірушілердің үлесіне, қалғаны ресейлік өндірушілердің үлесіне келген», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2015 жылы КҚК Теңіз терминалы Oil Terminal 2015 халықаралық байқауында жеңіске жеткен болатын. Бұл КҚК-ның осы байқауға қатысуы уақытындағы терминалдың төртінші марапаты. Бұрын ол «Үздік технологиялық жарақтандыру», «Сенімді әріптес», «Тұрақтылық»  номинацияларында «Мұнай терминалы» халықаралық сыйлығының лауреаты атанған болатын.

Анықтама: КҚК құбыр өткізу жүйесі – ТМД аумағында шетелдік капиталдың қатысуымен энергетика саласындағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі. Батыс Қазақстанның мұнай кен орындарын Новороссийсктегі теңіз терминалымен біріктірген құбырдың ұзындығы 1 511 шм құрайды. КҚК акционерлері: Ресей Федерациясы (Транснефть – 24% және КТК Компани – 7 %) – 31%; Қазақстан Республикасы (Қазмұнайгаз – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75%) – 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company - 15%, LUKARCO B.V. - 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company - 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - 7,5%, BG Overseas Holding Limited - 2%, Eni International N.A. N.V. - 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC - 1,75%.


Back to the list