• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2014 жылы ҚМГ  компаниялар тобының қазақстандық қамту үлесі  72 пайызды құрады 09.02.2015

««ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудағы жергілікті үлес есепті кезеңде  72 пайыз (1 045 119 232 мың. теңге) құрады. Оның ішінде, тауарлар үлесі – 67%, жұмыстар – 63%, қызметтер – 85%», - делінген хабарламада.

2015 жылдың 1 қаңтарына  дәлелденген сұйық көмірсутегінің алынатын қоры  815 млн. тоннаны құрады. 2014 жылы Жетісу құрылымындағы Жамбыл учаскесінде 1 барлау ұңғымасы, Өріктау учаскесінде 1 барлау ұңғымасы бұрғыланды және 2 терең ұңғыманы бұрғылау басталды.

2014 жылы ҚМГ жалақыдағы диспропорцияны жою мақсатында еңбекақы төлеудің Біртұтас жүйесі жобасын, жұмысшы мамандықтарының Анықтамалығын және «Мұнай мен газ барлау, өндіру» іскерлік бағытындағы қызметкерлердің Анықтамалығын жасады.   ҚМГ компаниялар тобының кәсіпорындарындағы қызметкерлер үшін еңбекақы төлеудің  типтік Ережесі жасалды. Аталмыш анықтамалықтар лауазымдық айлықтардың біркелкі кестесі мен схемаларын қалыптастыру үшін негіз болады.

Айта кетейік, 2014 жылы «ҚазМұнайГаз» бас компаниясы 6,77 млрд. теңге демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетті.

 

 


Back to the list