14.01.2015
«Қаңтар-қараша айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 110 млрд 588 млн долларға жетіп, 2013 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 9,9% азайды. Соның ішінде экспорт 73 млрд 269 млн доллардан 6,7% азайса, импорт 37 млрд 319 млн доллардан 15,6% төмендеді», - дейді комитет төрағасы.
Оның айтуынша, 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6574,7 млрд теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 3,9%-ға ұлғайды.
«2014 жылдың желтоқсан айында тұтынушылық баға индексі 2013 жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 107,4%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бағасы 8%, азық-түлік емес тауарлар құны 7,8%, халыққа арналған ақылы қызмет 6,4% көбейді», - дейді Ә.Смайылов.
Камила Амирова
Суретке түсірген Азамат Алиев