14.01.2015
«Қысқамерзімді экономикалық индикатор қаңтар-желтоқсан айларында өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 102,8%-ға жетті. Толық болжамды бағалауда жалпы ішкі өнім өткен жылы 4,3% артты», - дейді Ә.Смайылов.
Комитет басшысы мәліметінше, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6 трлн 574 млрд теңгені құрап, 3,9% көбейген. Өнеркәсіптік өндіріс 0,2% көбейіп, 18 трлн 492 млрд теңгені құрады.
«Тау-кен өнеркәсібінде 0,3% деңгейінде кейбір төмендеулер байқалады. Ал өңдеуші өнеркәсіп 1 пайыз артқан», - дейді.
Камила Амирова