• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Еуроаймақтың экономикасы бәсеңдеуде 09.01.2015

«Markit сараптамалық компаниясы мен Корольдік сатып алу және жеткізу институтының іскерлік белсенділік индексі (PMI) желтоқсан айында 51,4 пунктке жетті, ол болжамнан төмен болғанымен қараша айындағы 51,1 деңгейінен жоғары. PMI индексі құрылыс саласы мен қызмет көрсету және өндіріс саласын сараптау нәтижесінде түзіледі», - делінген хабарламада.

2014 жылдың соңғы тоқсанында еуроаймақ экономикасының өсімі 0,1% құрады. Жалпы, сарапшылардың айтуынша, соңғы 18 айда еуроаймақтың экономикасы айтарлықтай болмаса да өсім көрсетті.

2014 жылдың басында еуроаймақ елдерінде инфляция деңгейі төмен болды, осы ретте тұтынушылар бағаның одан ары төмендеуін күтіп ірі сатып алулар мен инвестиция салуды кейінге қалдырды.

Дереккөзі хабарлағандай, мұнай бағасының төмендеуі жағдайды одан ары ушықтырып жіберді. Өткен жылдың тамыз айынан бастап Brent маркалы мұнай бағасы екі есе - 51,54 долларға дейін төмендеді. Сейсенбіде АҚШ-та WTI маркалы мұнайдың барреллі үшін баға 2009 жылдың сәуір айынан бері алғаш рет 50 доллардан да төмендеді.

Қарашада ейроаймақтағы инфляция деңгейі 0,3% құрады. Сарапшылар желтоқсан айының көрсеткіші алғаш рет 2009 жылдың қазанынан бергі жағымсыз көрсеткіш болуы мүмкін екендігін жоққа шығармады.

Дефляциядан қорыққан Еуропалық орталық банк (ЕОБ) несие бойынша пайыздық үстемақыны 0,05%-ға дейін төмендетті. 

Сонымен қатар, ЕОБ Британияның, АҚШ пен  Жапонияның орталық банктерінің жолымен жүруді дұрыс санап, еуроаймақтағы елдердің мемлекеттік қарыздарын сатып алудан бас тартты. 


Back to the list