08.01.2015
"Италиядағы жұмыссыздық деңгейі жұмысқа қабілетті халықтың 13,4%-ын құрап, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы ақпаратты Италия ұлттық статистика институты (ISTAT) өз сайтында жариялады. Бұл – 1977 жылдан бергі абсолютті рекорд", - деп хабарлайды басылым.
ISTAT мәліметінше, Италияда өткен жылдың қарашасында жұмыс істейтін 22 миллион 310 мың адам тіркелген, бұл қазанмен салыстырғанда 0,2 пайызға аз. Ал жұмыссыздардың саны 3 миллион 457 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың қазанымен салыстырғанда 1,2%-ға көп. Жастар (15-24 жас) арасында жұмыссыздық артуда. Өткен жылдың қарашасында Италияда жұмыссыз жастардың саны 0,6%-ға өсті.