• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мұнайдың әлемдік бағасы 5 пайызға арзандады 07.01.2015

«Bloomberg-тің мәліметінше, Лондон қор биржасындағы сауда нәтижесінде Brent маркасының ақпан айы фьючерлерінің бағасы 4,71 пайызға арзандап, барреліне 53.14 долларды құрады», - делінген хабарламада.

Нью-Йорк тауар биржасында WTI мұнайы бағасы шамамен бес пайызға арзандап, оның құны барреліне 50,14 долларды құрады. Бұл дегеніңіз шамамен 4,84 пайызға төмендегенін көрсетеді. Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, соңғы бес жылдай уақытта Еуропа мен АҚШ-та мұнай бағасының бұлай құлдырағаны орын алмаған.

Шет елдік БАҚ хабарлауынша, өткен жылдың соңына қарай тіркелген көмірсутек бағасының рекордтық деңгейде арзандауы АҚШ-та жаңа кен орындарының пайда болуымен байланыстырылады. Фьючерлер нарығы қатысушылары кен орындарынан қосымша пайда күтуде. Сонымен қатар Мексика бұғазындағы кен орны игерілмек. Сарапшылардың мәліметінше, 2015 жылы мұнай бағасы қайта қалпына келмек. 


Back to the list