05.01.2015
«Осы келісім шарттар бойынша жалпы қарыздың қалған көлемі 160 млрд. теңгені құрайды. Өтініштер 23 қаржы институты тарапынан ұсынылған. 2014 жылы Кредиттер, сондай-ақ ауылшаруашылық техникасы мен технологиялық жабдықтары бойынша лизинг шарттарының сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау комиссиясының 22 отырысы ұйымдастырылып, 2014 жылы субсидиялауға жататын жалпы сомасы 6,3 млрд. теңгені құрайтын 9 092 келісім шарт мақұлданды. Мақұлданған келісім шарттардың әрекет ету мерзімінің аяқталуына дейін субсидиялаудың көлемі 25,8 млрд. теңгені құрайды», - делінген хабарламада.
Түскен өтініштердің негізгі бөлігін, яғни 78%-ын лизингтік келісім шарттар құраса, 22%-ын кредиттік келісім шарттар құрады.
Сонымен, мақұлданған 7 080 қаржылық лизинг келісім шарттары бойынша 9000 дана техника субсидиялауға жатады. Лизинг алушылар тарапынан тапсырылған және мақұлданған өтініштердің негізгі лизинг заты - тракторлар - 42%, комбайндар - 22%, сығымдау-іріктеуіштер - 7,6%, дестелегіштер -7,6%, сепкіштер - 3,4%, құрама әмбебап аспалар - 3,3% және ауылшаруашылық өндірісіне арналған өзге де техника мен құрал-жабдықтар - 11%.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 29 сәуіріндегі №420 қаулысымен «Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ережелер бекітілген.