• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«ҚазМұнайГаз» инвестициялық бағдарламасына өзгеріс енгізеді– Мыңбаев 09.12.2014

«Мұнай бағасының құлдырауына байланысты компания бюджеті айтарлықтай азаяды. Біздің компания артығымен қор жинап алған еді. Оны «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тарапынан мақұлдаттық та. Қазір біз бюджетті қайта есептейміз. Өздеріңіз де білесіздер, мұнай бағасының түсуіне байланысты біз инвестициялық бағдарламаны қайта қараймыз», - дейді Мыңбаев.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, инвестициялық бағдарламалардың қысқартылуы селективті сипатта болмақ. «Белгілі бір деңгейде қысқартулар болғанымен, жұмыс істеп жатқан өндіріс орындарын қолдауды шет қалдырмаймыз», - дейді.

Өз кезегінде компанияның баспасөз қызметі жедел мәліметтер бойынша, биылғы жылдың 10 айында мұнай мен газ конденсаттарының өндіріс көлемі 18 599 мың тоннаға, газ өндірісі 3 868 млн текше метрге жеткенін хабарлайды. Бұл жылдық жоспардан 5 пайызға артық екенін көрсетеді. Ал мұнай тасымалы 51 147 мың тоннаға жетіп, жоспардан 3 пайызға азайған.

Сонымен қатар, есептік кезеңдегі теңіз бойынша мұнай тасымалы 8 084 мың тоннаны құрады. Бұл жылдық көрсеткіштен 9 пайызға артық. Магистральді газ құбыры бойынша газ тасымалы болса, 86 663 текше метрді құраған. Соның ішінде халықаралық тасымал 65 485 млн текше метрге жеткен. Қазақстанның ішкі нарығына қажетті 11 699 млн текше метр газ қамтамасыз етілсе, сыртқа сату көрсеткіші 9 479 млн текше метр.

Айта кету керек, 2014 жылдың қаңтар-қазан айларындағы мұнай өңдеу көлемі 12 393 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 6,5% артық.

Индира Қауметова


Back to the list