09.12.2014
«Біздің жанар-жағармайға деген бағалар тұтыну көлеміміздің 1/3 қамтамасыз ететін РФ бағаларының өзгеруіне байланысты теңестірілетін болады. ҚР Энергетика министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен келісе отырып 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап РФ-дан келетін ЖЖ бағасын реттеу саясатын ай сайын жүргізетін болады», - деді Ұ. Қарабалин.
Сонымен қатар оның айтуынша, бүгінгі таңда Ресей рубльнің құлдырауына және әлемде мұнай бағасының түсуіне байланысты біздің нарыққа Ресей Федерациясынан арзан жанар-жағармай тасымалданып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейде салықтық өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, кезең-кезеңімен мұнайдың экспорттық салықтарын қысқарту ұсынылуда. Осыған орай, Ресей Федерациясында да баға өзгереді деп болжануда. Сондықтанда Үкіметтің шешемі еліміздің ішкі нарығын бағаның бірден көтерілуінен сақтайтын болады.
Индира Кауметова