21.11.2014
«Осы жылдың 9 айы бойынша Қазақстанның жалпы сауда айналымы 77 млрд долларды құрады. Оған қоса, Польшамен екіжақты сауда айналымы миллиард долларды құрады», - деді ол.
Ол атап өткендей, Польша елімен ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның Орта және Шығыс Еуропа елдеріне қатысты сыртқы экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі.
«Польша бұл салада жетекші серіктес болып қалады. Бизнес-диалогтың дамуы біздің елдер арасында жақсы көрсеткішке ие. Соңғы жылдары экономикалық шаралар, роуд-шоулар, форумдар, бизнес-миссиялар, көрмелер мен семинарлар ұйымдастырылды. Ол бірлескен жобалардың бірге жүзеге асуына әсер етеді», - деді ол.
Р. Жошыбаев атап өткендей, құрылыс материалдар саласында польшалық компаниялармен бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
«Біз польшалық инвесторлардың қатары толады деген үміттеміз. Польшалық компаниялары ЭКСПО-2017 аясында өзара қарым-қатынасқа белсенді араласады деп күтеміз», - деді ол.
Камила Амирова