19.11.2014
«Әлеуметтік мәселелерге тоқталатын болсақ, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 9%-ға зейнетақы төлемдерін арттырамыз. Сонымен қатар, мемлекеттік жәрдемақылардың көлемі 7%-ға арттырылады. Ал, мүгедектерге арналған әлеуметтік нысандардың құрылысы үшін 4 млрд теңге қарастырылды», - деді Б.Сұлтанов.
Сондай-ақ, ведомствто басшысының мәліметі бойынша Ұлы Отан Соғысының 70-жылдығын атап өту үшін мемлекеттік бюджеттен 5,7 млрд теңге қарастырылды.
«Бұдан басқа білім беру саласы үшін 511 млрд теңге бөлінді. 105 млрд теңгедей қаржы Ұлттық қордан тарнсферт түрінде алынады. Қомақты қаржы мемлекеттік білім беру тапсырысын одан ары жүзеге асыру үшін жұмсалады. Балабақшалардағы орын тапшылығын шешу мақсатында 2015-2017 жылдары «Балапан» бағдарламасы аясында 342,8 млрд теңге бөлінеді», - деді министр.
Оның айтуынша, 2015 жылы балабақшалар құрылысына қомақты қаржының 25 млрд теңгесі бөлінді.
Камила Амирова