14.11.2014
«Он айдың қорытындысы бойынша мемлекеттің ЖІӨ 4 пайызға артты. ЖІӨ көрсеткішін арттыру тек мұнай өндіру көлемін арттыру арқылы ғана мүмкін», - деді Ә. Смайылов баспасөз конференциясында.
Салалық комитеттің басшысы атап өткендей, бүгінде жоспарға сай мұнай өндіру бойынша кешігулер бар.
Жалпы, Үкіметтің болжамы бойынша ЖІӨ өсімі жақын 5 жылда 5% - 6,8% аралығында болады.
«Салалық министрлік ағымдағы жылдың жоспарын орындауға уәде берді. Егер олар жоспарын орындаса онда олар 4,3%-ға көтеріледі», - деді комитет басшысы.
Камила Амирова