14.11.2014
«2014 жылдың қаңтар-қазан айларындағы елдегі қысқамерзімді экономикалық индикатор өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 102,3% құрады. Қысқамерзімді экономикалық индикатор есебі жеделдікті қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік мен байланыс секілді негізгі салалар бойынша өндіріс индексі өзгерісіне негізделеді. Бұлар ЖІӨ-нің шамамен 68% құрайды», - дейді А. Смайылов.
Сонымен қатар, статистика комитетінің хабарлауынша, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы биылғы жылдың тоғыз айында 91242,8 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 7%-ға азайды.
«Соның ішінде экспорт 60966,2 млн долларды құрады, бұл да өз кезегінде 2,8% аз. Ал импорт көлемі 30276,6 млн долларды құрап, өткен жылғыдан 14,3% аз көрсеткіш байқатты», - дейді.
2014 жылдың алғашқы он айындағы негізгі капиталға инвестиция көлемі 4974,7 млрд теңгені құраса, бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 5,1% артық. «Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 0,3% азайып, соның ішінде тау-кен өнеркәсіптік өндірісі 0,8% төмендеген. Өңдеуші салада өндіріс көлемі керісінше, 0,2% ұлғайды», - дейді төраға.
Камила Амирова