• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
А. Перуашев: «Нұрлы жол» - Назарбаевтың жаңа қауіптерді  мүмкіндіктерге айналдыру  бағыты 13.11.2014

« «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты – Назарбаевтың қауіптерге қарсы жаңа ұстанымы. Экономиканың қауіптерге қарсы жаңаша күресі және оларды мүмкіндіктерге ауыстырудың жолы. Әдеттегідей тосын және нысанаға дәл болып отыр. Бұл әдіс Назарбаевтың ерекшелігі. Бокста да ара қашықтықты ұстап тұрып, бірден күш жұмсайтын әдіс бар. Елбасы өз Жолдауында орталықтану туралы айтады, бұл экономикада барлық бағытты қолдана отырып, қарсы энергияны бағыттау болып саналады», - деді ол.

 «Ақ жол» партиясының жетекшiсi Азат Перуашев Ұлттық қорда қаржының сақталуы Президенттің еңбегі екенін айтып өтті.

«Ол кезде көптеген саясаткерлер мен экономистер қаржыны жинақтамай, халыққа тарату қажет деген пiкiрде болды. Олар Ұлттық қордан әрбiр азаматқа жылына 17 мыңнан бөлiп отыру керек деген ұсыныстарын алға тартқан еді. Ол 17 мыңды бiз бүгінгі күнге дейін той-томалаққа жұмсап қоятын едiк. Оны қазiргi уақытта Ұлттық қордың бiзге беретiн мүмкiндiктерiмен салыстыра да алмаймыз. Ол экономиканың тұрақтылығын сақтайды, жаңа жұмыс орындарын ашуға, әлеуметтiк тұрақтылықты сақтап, инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Кезiнде Ұлттық қорды құруға қарсы болған сарапшылардың көбi бүгiнде бұған өздерi де үлес қосқанын айтып жүр. Бiз Мемлекет басшысының көрегендiгiне, экономикалық талантына таң қаламыз. Елбасы макроэкономикалық, халықаралық деңгейде қауiп-қатерлердi айналып өтiп, олардың барлығын жаңа мүмкiндiктерге айналдыра білді», - деді ол.

Индира Қауметова 


Back to the list