10.11.2014
«Мен жаңа бағдарлама туралы айтсам деп едім. Оны біз жыл басында іске қостық. Ол шағын және орта бизнестің қайта өңдеу өнідірісіне қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл 100 млн теңгеге есептелген жеке бағдарлама, қомақты қаржы кәсіпкерлерге үлестіріп беру үшін ЕДБ-дан алып ұлттық қор бөліп берді. Қаржыландыру шарттары - ол 6% бизнесмендер үшін үстемақы және 10 жылға беріледі. Демек қайта өңдеу өндірісінің ШОБ үшін барынша қолайлы жағдай жасалған. Себебі, 6% - инфляция деңгейінен төмен», - деп сендірді атқарушы директор.
Бұдан басқа, оның айтуынша, бұл бағдарлама бойынша қаржы толығымен игеріліп, ол әліде жұмыс істеуде.
Қ. Төлеушин атап өткеней, аталмыш бағдарламаның әлеуметтік секторы аясында 4500-ден астам жұмыс орны ашылды.
«Бүгінде бұл бағдарламаның әлеуметтік секторын жоғары бағалауға болады, 4500-ден астам жұмыс орны ашылды, 2015 жылы біз бұл саланы одан ары дамытпақшымыз», - деп түйді Қ. Төлеушин.
Индира Кауметова