10.11.2014
«2014 жылдың 3 қарашасы бойынша субсидиялау аясында 1 трлн теңге несиеге тиесілі 4500 келісім шартқа қол қойылды, субсидия құны 80 млрд теңгені құрады. Қазір субсидиялау елдің барлық аймақтарында жүзеге асуда. Көшбасшылардың басын Павлодар облысы бастап тұр – 396 келісім шарт, Алматы, ШҚО, Ақтөбе облыстары да басымдылық көрсетуде», - деді Қ.Тілеушин.
Оның айтуынша, шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының негізгі механизмі болып саналады. Бұл бағдарламаның негізгі бағыты субсидия, кепілдік, грант тағайындау және кәсіпкерлрге конституционалдық көмек көрсету болып табылады.
«Жалпы, бағдарламаның бұл бағыты аясында экономика салалары ішінде келісімдер саны өңдеу өнеркәсібі, көлік, логистика көш бастап отыр», - деп қосты ол.
Индира Кауметова