08.11.2014
Қазақстан мемлекеттік жеке серіктестік орталығының мәліметі бойынша, бүгінде елімізде инфрақұрылымдарға инвестиция қажеттілігі 32 млрд долл құрады, ал болашақта бұл көрсеткіш 243 млрд долл жетеді.
Осы ретте, 2023 жылға қарай МЖС секторындағы инвестиция үлесі 10%-ға жетеді. Айта кетерлік жайт, көлік, энергетика, қалалық инфрақұрылым мен сумен қамтамасыз ету және денсаулық салаларындағы МЖС жобаларының әлеуеті жоғары.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада International Finance Corporation (IFC) қолдауымен Қазақстандағы инфрақұрылымдарды жақсарту мақсатында мемлекеттік жеке серіктестік бойынша форум өтті.
Ауқымда шара барысында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Ұлттық қордан МЖС жобаларын жүзеге асыру үшін қомақты қаржы бөлінгенін хабарлады. «Инвестиция тұрғысынан қарағанда біз үлкен мүмкіндіктерді көріп отырмыз. Осы ретте Ұлттық қордан 1 трлн теңге бөлінді, оның 500 млрд теңгесі ағымдағы жылы жаратылса, қалған бөлігі 2015 жылы жұмсалады. Жақын арада әкімдіктер тарапынан инвестициялық жобалар пакеті ұсынылатын болады»,- деді Е.Досаев.
Камила Амирова