05.11.2014
«Инсвестиция жағынан алғанда үлкен мүмкіндіктерді көріп отырмыз, Ұлттық қордан 1 трлн теңге бөлінеді, оның 500 млрд теңгесі осы жылы игерілсе, қалғаны 2015 жылы жұмсалатын болады. Жақын арада әкімдіктер тарапынан жаңа бастамалар топтамасы беріледі»,- деп хабарлады Е. Досаев.
Ұлттық экономика министрі атап өткендей, Қазақстанда МЖС танымал түрі - концессия. Ол ресми түрде 2006 жылы «Концессия туралы» заң қабылданған соң қалыптаса бастады. «Бүгінде бізде жұмыс істеп жатқан 3 концессиялық жоба бар. Олар бойынша белгілі бір жағымды және жағымсыз тәжірибе жинақталған. Олар «Шар-Өскемен станциясы» теміржол желісі, «Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы» электрэнергия беру желісі мен Ақтау қаласындағы әуежайдың жолаушылар терминалы», - деп толықтырды ол.
«Жеке сектор тиімді болды және солай қала береді. МЖС жобалары біздің инвестицияларымыз бен инфрақұрылымдарымыз үшін қосымша қосылған құн алып келе алады»,- деп атап өтті Е. Досаев.
Сонымен қатар, ведомство басшысының айтуынша, Қазақстанда бұданда жылдам нәтижеге қолжеткізуге мүмкіндік беретін институт, механизм құру керек. «Мемлекеттік жеке серіктестік аясында жобаларды іске қосу үшін біз 9 айдан артық уақыт жұмсамауымыз керек», - деп есептейді министр.
Ведомствоның мәліметі бойынша, бүгінде түрлі дайындық кезеңінде жалпы құны 3,5 мрд долларды құрайтын 44 жоба бар. Аталмыш жобалардың негізгі бөлігі, атап айтар болсақ 44 жобаның 39-ы аймақтарға тиесілі және олардың жалпы құны 2,2 млрд доллардан кем емес.
Камила Амирова