04.11.2014
«Компанияның бас директоры Тим Миллердің айтуынша, «Тенгизшевройл» қызметінің басым бағыттарының бірі отандық тауар өндірушілерді қолдау болып табылады. Бұл туралы ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев компания делегациясымен кездесуінде сөз болды», - делінген хабарламада.
Т.Миллердің айтуынша, компания стратегиясының 4 негізінің бірі қазақстандық қамту үлесін арттыру. Оның мәліметінше, осы себепті компания делегациясы ШҚО-ға ат басын бұрып, өңірдегі кәсіпкерліктің даму жолдарын қарастырмақ.
«Сіздердің компания Батыс Қазақстан экономикасына ғана атсалысып қоймай, елдің дамуына да елеулі үлес қосуда. Тәуелсіздіктің алғаш кездерінен бастап мемлекеттің аяққа тұруына күш салды. 20 жыл ішінде «Тенгизшевройл» мемлекет экономикасына 100 млрд АҚШ долларын салған. Сонымен қатар компанияның мұнай, газ бен шикізат өндіріп қана қоймай, бұдан бөлек экологиялық шараларға да ат салысып жатқаны көпшілікке аян», - деді әкім.
Сонымен қатар, делегация Шығыс Қазақстанның ауқымды жобаларын аралады.