03.11.2014
«ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және аймақтық даму комитеті техникалық реттеу бойынша барлық функцияларды бірыңғай өкілетті органға берді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ҚР инвестиция және даму министрлігіне тіркелген субъектілердің және сарапшы –аудиторлардың өнімнің сәйкестігін растайтын жұмысы бойынша жауапкершілікті күшейту ұсынылды.
Сонымен қатар, бағалау саласындағы сәйкестікті мақұлдау органдарын тіркеу тетігінің ашықтығын құру жоспарлануда.
Мұнымен қоса «Сәйкестікті бағалау саласындағы тіркеу туралы» ҚР Заңына тіркеу кеңесінің құрамы мен қызметі тәртібі, құзіреті мен мәртебесін анықтау ұсынылуда.
Комитет сәйкестікті мақұлдау органдарының жауапкершіліктері мен шешімі негізінде үшінші елдердің сынақ зертханаларының материалды-техникалық базасын пайдалану тетігін құруды көздеп отыр. «Сонымен қатар индустриялды дамудың қосымша басым шарттарын құратын және отандық нарықты тарифсіз сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін көрсеткіштерді міндетті енгізудің ұлттық стандарттар базасын дамыту күшейтілмек», - делінген хабарламада.
Камила Амирова