• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанның Даму банкі коммерциялық банктерге жобаларды бірлесе қаржыландыруды ұсынады 29.10.2014

«Кездесу барысында Банк бірлесе қаржыландыру тұжырымдамасы мен жалпы құны 5 млрд АҚШ долларлық 25 әлеуетті жобалар портфелін таныстырырмақшы. Олардың көпшілігі өңдеуші өнеркәсіп саласына тиесілі.

Қазақстанның индустриялды-инновациялық дамуының екінші бесжылдығы аясындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру ҚДБ пен коммерциялық банктерге несиелік қауіптерді бөлуге, барынша сапалы сараптамамен қамтамасыз етуге және жобалардың орындалуына мониторинг жасауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Банктің хабарлауынша, осынау ынтымақтастықтан қазақстандық экономиканың нақты секторының кәсіпорындары ұтатыны анық. Олар жаңа кәсіпорындар құру мен жұмыс істеп тұрған өндірістерін кеңейтуге қажетті қаржыландыруға өол жеткізбек. 


Back to the list