29.10.2014
«Аталмыш уақыт аралығындағы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның түсірген табыс көлемі 132 млрд 546 млн теңгені құрады», - делінген хабарламада.
Бұл 2013 жылдың дәл осы уақыт аралығындағы көрсеткіштерге қарағанда 5,3%-ға артық. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның түсірген таза пайда көлемі 50 млрд 104 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы мерзім аралығындағы көрсеткіштерге қарағанда 21%-ға көп.
Айта кетерлігі, бұрын компания мұнай тасымалының 37 млн 310 мң тонна құрағанын хабарлаған еді. Бұл негізгі жоспардан 2 пайызға артық. Дегенмен 2013 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 6 пайызға аз екені анықталды. Мұнайдың жүк тасымалы шақырымына 26 млрд 857 млн тоннаны құрап, жоспардан 2 пайыз артық болғанымен, 2013 жылдың алғашқы 9 айымен салыстырғанда 4 пайыз аз көрсеткіш байқатып отыр, деп хабарлайды компания.