• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматы облысында 447,3 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді-әкімдік 24.10.2014

«Оның айтуынша, ауыл шаруашылығында жалпы 283,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 0,4% өсім қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары өткен жылға қарағанда 11 мың гектарға артып, 922 мың гектарға жетті, оның ішінде 137,5 мың гектар алқапта озық технологиялар қолданылуда.Өнеркәсіпте 447,3 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өсім 0,2%-ті құрады. Жаңа 42 объектіні іске қосу және жұмыс жасап тұрған 19 өндірісті кеңейту есебінен қосымша 1725 жұмыс орны құрылды», - деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Үкімет биылғы жылдың аяғына дейін экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдады, жоспарға сәйкес біз өнеркәсіпте де, ауыл шаруашылығында - да өсімге қол жеткізуіміз қажет. Сондықтан әрбір аудан, қала әкімдері, тиісті сала басшылары әрбір мәселені жан-жақты зерттеп, жұмысты дұрыс ұйымдастыра білуі керек», - деді Амандық Баталов.

 

 

 


Back to the list