• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ОҚО-да 300 млрд теңгеден астам бюджеттік қаражат игерілді 23.10.2014

 «Биылғы жылдың 9 айында жергілікті бюджетке 57,9 млрд теңге көлемінде салық пен өзге де міндетті төлем түсті. Бұл жылдық жоспардың 104,2%-ын құрайды. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда бюджет түсімі 8,2% артық. Жыл қорытындысы бойынша жергілікті бюджетке 75 млрд теңгеден астам қаражат түседі деп күтілуде», - деп хабарлайды өңір әкімдігі.

И.Шалабаевтың айтуынша, қаржы басқармасының жұмысы негізінен үш бағыт бойынша өрбиді. Ол 2014 жылға қарастырылған бюджет қаражатын сапалы және тиімді игеруді қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік сала шараларының толықтай өткізілуі. Мүлікті заңдастыру бойынша Елбасы  тапсырмасын іске асыруда халықпен жұмыс жасау. Қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдар мен мекемелер осы бағытта жұмыс істеуде.

 


Back to the list