• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚазжолҒЗИ дайындаған жаңа технологиялар жол саласы құрылысында кеңінен қолданылуда- М.Пішембаев 22.10.2014

Шараға Автомобиль жолдары комитетінің, қазақстандық жол саласы ұйымдарының басшылары, ТМД елдерінің осы саладағы алдыңғы қатарлы мамандары қатысты. Сырттан келгендер институт зертханасымен танысып, Алматы-Қапшағай автомобиль жолының құрылыс жүріп жатқан учаскесін аралап көрді, деп хабарлады инвестициялар және даму министрлігі.

«ҚазжолҒЗИ-дың  білікті мамандар даярлауға айрықша көңіл бөлетіндігі аса маңызды. Институт жанында мамандарды даярлау мен қайта даярлаудан өткізетін Оқу орталығы бар. Бүгінгі күнге дейін орталықта 11 бағыт бойынша 867 маман қайта даярлаудан өтті. Сонымен қатар, ҚазжолҒЗИ жол саласы құрылысында кеңінен қолданылып отырған жаңа технологияларды сынақтан өткізіп отыр», – деп атап өтті Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев.

Мұның сыртында, шара барысында Қазақстан, Ресей, Белорусь және Украина елдеріне арналған «Автомобиль жолдарындағы жол жамылғыларын жобалау» атты жаңа нормативтік құжат жөніндегі Жұмыс тобының ғылыми мәжілісі болып өтті.

ҚазжолҒЗИ АҚ президенті Бағдат Телтаевтың айтуы бойынша, жолдарды жобалауға деген көзқарас кеңестік кезең елдерінде 50 жылдан астам уақыттан бері жаңармаған, сондықтан да қазіргі қолданыстағы нормаларды жаңарту туралы шешім қабылданды. ҚазжолҒЗИ АҚ бұл үдеріске белсенділікпен араласып келеді.

 

 


Back to the list